Мұрагерлікті қалай рәсімдейді?

Біріншіден, мұрагерлік өсиетхат және заң бойынша жүзеге асырылады. Сәйкесінше сізде өсиетхат болмаса, онда қайтыс болған адамның мүлкіне ие болатын адамдар тобы анықталады. Бұл топтағы адамдар қайтыс болған адамға туыстық жақындығына қарай бірнеше кезекке тұрады. Бірінші кезекке балалары, әйелі немесе күйеуі, сондай-ақ ата-аналары.

Өсиетхат – адамға тиеселі мүлікті мұрагерлікке беруді қағаз жүзінде рәсімдейтін құжат. Ол мүлікті бөлу кезінде негізгі құжат саналады.

Мұрагерлікті алу үшін бірінші кезекте медициналық мекемеден қайтыс болғаны туралы анықтама алу керек. Ары қарай 6 ай көлемінде мұрагер мұрагерлік туралы хабарлауы керек. Яғни бұл кезеңде нотариус барлық мұрагерлер туралы ақпаратты жинайды. Уақытта созудың қажеті жоқ, әрекетсіз қалу қосымша сот арқылы анықату жағдайларына әкеледі.

Заң бойынша нотариусқа мұрагерлік туралы арыз жазу керек. Ол нотариалдық бланкіде рәсімделіп, сіздің қолыңыз қойылады. Мұны мұрагердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша кез-келген нотариуста жасауға болады.

Мұрагерлікке қалатын қарыздар

Қолданыстағы заңға сәйкес несие берушілер мұрагерден қайтыс болған адамның қарыздарын талап етуге құқылы. Алайда ол сома мұрегердің меншігіне өткен мүліктің құнынан аспауы тиіс. Мысалы егер сіз мұрагерлікке 1 млн теңге алсаңыз, ал қайтыс болған адамның қарызы 2 млн теңге болса, заң бойынша сізден 1 млн теңгеден артық талап ете алмайды.

Өз кезегінде мұрагер бірнеше болса, несие берушімұрагерлердің барлығынан ққарызды өндіріп беру туралы талап ете алады.

Сарапшы кеңесі:

«Өсиетхатты алған соң банктердің барлығына хабарласуға кеңес беремін. Кейде жақын адамдарынан да өзінің салымы мен есеп-шоты туралы ақпаратты жасаыратын адамдар болады. Ерінбеңіздер, барлық банктерге хабарласып шығыңыз».