Қаржы алаяқтарының құрбаны болудан сақтанайық

Сіз үшін несиеңізді жауып беретіндер мен газет хабарландыруларындағы жылдам несиелер туралы.

Ең белгілі алаяқтық жүйенің бірі - қаржы пирамидасы. Мұндайды құратын алаяқтар азаматтары тез байып шыға келуге сенетін елдерде жиі пайда болады. Әдетте олар кірісі мол инвестициялық жобалар ұсынып, болашақта жақсы табыс әкелетеініне сендіреді.

Сонымен қатар жаңа қаржы пирамидалары пайда болуда – олар несиеңізді төлеп беруге уәде етеді. Ұйым адамдардың несиесін төлейміз деп келісім-шарт жасайды, ал, адамдар алған несиесінің бір бөлігін әлгі ұйымға беруі керек. Мысалы: 1 млн.теңге несие алсаңыз, 200 мың теңгесін әлгі ұйымға беруіңіз керек. Олар несиеңізді жауып береді.

Келісім-шарт жасаушы ақшаны береді. Біраз уақыт өткен соң, оның несиесі жабылады. Бұл келесі салымшының есебінен жасалады. Пирамидалардың классикалық жұмысы. Әдетте біраз уақыт өткен соң, ұйым ақша төлеуді доғарады, құрылтайшылары қашып кетеді. Ал сіздің банк алдындағы қарызыңыз қалады.

Жылдам шешім

Қазіргі кезде газеттер мен қалалардағы аялдамалар «Бір сағатта ақша», «Төлем қабілеті мен кепілзатсыз несие береміз», «Банктер арқылы несиелендіру бойынша кеңес береміз», «Несие рәсімдеуге көмектесеміз» деген хабарландыруларға толы. Мұндай несиелер әдетте жоғары пайыздармен, қарыз болып қалған жағдайда қайтару үшін криминалдық тәслдерді қолдануымен белгілі. Жоқ дегенде алаяқтар сіздің жеке мәліметтеріңізді алып, сіздің келісімсіз несие рәсімдеуі мүмкін.

Кез-келген жағдайда банкке баруға кеңес береміз. Қаржыға қатысты кез-келген кеңесті қазақстандық банктерден тегін ала-аласыз. Таныс еместерге сенудің қажеті жоқ. Қаржыға қатысты кез-келген жағдайда шешім қабылдау үшін туыстарыңызбен, достарыңызбен ақылдасып, ұсыныс күдікті көрінсе құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар. Бұл арқылы сіз өзіңізді ғана емес, басқа да адамдарды алаяқтардың әрекетінен қорғай аласыздар.