Монах пен күзетші

Өзіңе сұрақ қою туралы шығыс әфсанасы

Монах қалаға кіріп келе жатыр еді, оның алдынан бір күзетші шығып, тоқтатып алды.

- Сен кімсің? Қайда барасың? Не іздеп жүрсің? – деп қатқыл дауыспен сұрады.

- Мен сенің сұрағыңа сұрақпен жауап бере аламын ба? - деп тіл қатты монах.

- Сұрап көр,-деп күлді күзетші.

- Саған қызметің үшін неше төлейді?

- Аптасына екі қап күріш аламын.

- Мен сағат төрт қап беремін – егер менімен бірге жүріп, мына сұрақтарды қойсаң,- деді монах.

Менеің мақсатым не? Кәсіби адам ретінде не істей аламын? Қайда ұмтыламын? Бұл үшін маған не ітсеу керек? Осы сұрақтарды өзімізге жиі қоюымыз керек. Ешқашан бір реттік сұрақтармен шектелмеңіз. Тұрақты түрде сұрақ қойыңыз, жауап беріңіз. Жауаптарды жазыңыз. Мақсатыңызды реттеңіз. Бұл сұрақтарды сізге ешкім қоймайды. Тіпті монахтың өзіне осы сұрақтарды қойып жүретін адам керек болды. Өмірдегі барлық нәрсе сұрақтардан басталады.