Сатып алу керек пе, жоқ па?

Біз тікелей немесе басқа жолдармен сатып алатын тауар жарнамамен тікелей байланысты. «Ойланбай сауда жасау» ұғымы осы жерден келіп шығады. Кейде ойланбай сауда жасағаныңды затты қолыңа алған соң, бірақ білесің.

Кейін оны ұстаудың өзі шығынға батыратыны тағы анық болады. Мысалы: көлік сатып алдыңыз. Көптеген адамдар «үнемді болу керек» деп өзін сендіргеніне қарамастан, кейін көлікті қалтасына қарамай алғанын бірақ біледі. Басқалардың қателігін қайталамау үшін, сауда алдында өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:

1.Бұл зат маған керек па?
Бұл затсыз 10-15 күн өмір сүріп көріңіз, сосын сатып алу туралы сұраққа оралсаңыз болады. Егер қажеттілік барын байқасаңыз, сатып алғаныңызға өкінбейсіз.

2.Бұл зат неше тұрады?
Зат тек сатып алу құнымен өлшенбейді. Оның ұстау шығынын ұмытпаңыз. Оны да есептеп алғаныңыз дұрыс. Мысалы, автокөлік алсаңыз, оның жанармай шығыны, техникалық қызмет көрсету құнын оның үлгісі мен жүрісіне қарап бағалағап алғаныңыз дұрыс.

3. Сатып алғаныңызды кейін сату мүмкіндігі бар ма?
Егер оңай сатылатын болса, шығынның бір бөлігін кейін қайтаруға болады. Өз шығыныңызды бақылау, қаржылық әлеуеттілікке жеткізетін жолдың басы. Артық, қажетсіз шығындардан қашыңыз.