Жаңа жылдан жаңа өмір: жоспарлау және қол жеткізу

Жаңа жылдан бастап жаңа өмір бастау туралы шешім қабылдаған соң, алғашында энтузиазммен оны орындауға кірісеміз. Алайда жаңа жылдағы жаңа өмірге ұмтылыс біртіндеп сөне береді. Егер біз жаңа жылдағы жаңа өмірді бастауға арман-қиялдармен емес, ғылыми тұрғыдан келсек, онда жетістікке көбірек қол жеткізер едік.

  1. Жаңа жылда нені өзгерткіңіз келетінді екшеп, тек маңыздысын, шынымен қажеттісін таңдап, оны жүзеге асыруды алдын-ала жоспарлаңыз.
  2. Таңдаған мақсаттарыңызды сауатты түрде жоспарлаңыз. Мақсаттар мен міндеттер орындалуы жағынан шынайы болуы керек. Міндетті нақты қойыңыз. Мысалы:«жаттығуға аптасына үш рет 19.00-де бару». 19.00-де спорт залында болу үшін жұмыс күніңізді дұрыс жоспарлаңыз.
  3. Үлкен мақсаттар мен тапсырмаларды шағын кезеңдерге бөліңіз, олардың орындалу уақытын анықтап, күнделікке жазыңыз. Мысалы: «машина алу» міндетін, бірнеше кезеңге бөліңіз: қажетті соманы жинау, нарықты зерттеу, автосарапшылармен кеңесу, көлікті таңдау. 
  4. Күш пен шабыт іздеңіз. Бұл мүмкін айналаңыздағы адамдар немесе бұған дейінгі өміріңіздегі мақсатыңызға жетуге күш беретін табысты тәжірибе.
  5. Егер мақсатқа жету жолында қандай да бір тапсырманы орындалмай қалса, оған бүкіл мақсатыңыздың жоққа шыққаны ретінде емес, мақсатқа жету жолындағы орындалмай қалған жұмыстың бір бөлігі ретінде қараңыз. Асықпай сараптаңыз, неге орындалмай қалды, анықтаған соң жоспарлы жұмыстарыңызды тоқтатпастан, жалғастыра беріңіз. Қателік сіздің тәжірибеңізді шыңдай түседі және енді сізге жаңа қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік береді. 
  6. Өз дамуыңызды бақылаңыз: жетістіктеріңізді күнделікке немесе компьютерге жазып отырыңыз. Жұмсалған килограмм мен жиналған қаражат жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді және қиын, күмәнді сәттерде көмектеседі. Мақсатқа жету – ұзақ процесс екенін ұмытпаңыз.
  7. Қолдау тобын ұйымдастырыңыз. Жақындарыңызбен өз мақсатыңыз туралы бөлісіңіз. Көбіне қолдау мен түсіністік білдіретін жақын адамдар.