Жүлде туралы

«Эксперт РА Казахстан» Рейтингтік агенттігі kaspi bank-ке Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін сыйлық тапсырды. Kaspi отандастарымыздың қаржылық сауаттылығын арттыруға«Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында үлес қосуда.

2014 жылы ағарту бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:

  • Студенттер мен оқушылармен кездесулер ұйымдастыру
  • ofinansah.kz ағарту порталы іске қосылды
  • Гранттар конкурсы
  • Қоғамдық кеңес құру
  • NS радиосында «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы іске қосылды
  • Қазақстандық БАҚ-да ағартушылық мақалалар жарияланды
  • ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының жобаларына қатысу
  • Қаржылық сауаттылық деңгейін зерттеу
  • Kaspi ішкі сайтында ағартушылық контенттер жариялау

«Бұл « Қаржы мәдениеті» бағдарламасының бірінші жылы. Өткен жылы бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтау ойымызда жоқ. Алдымызда жаңа тапсырмалар мен міндеттер бар. Біздің жұмысымызды бағалағаны қуантады. Бұл жүлде бүкіл kaspi командасының жүлдесі. Өйткені әрбір қызметкер клиенттеріміздің сауаттылығының артуына үлес қосады», -дейді Сакен Нигмашев, «Қаржы мәдениеті» қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасының жетекшісі.