Бағдарлама туралы

kaspi bank «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына 1 миллион доллар бөледі

kaspi bank еліміздегі қаржылық ағарту бойынша ең ауқымды  «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына 1 миллион доллар бөледі. Бағдарламаның бірінші кезеңі «Халықаралық экономикалық сауаттылық» қоғамдық қорымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

- 2013 жылдың 20 қарашасы күні kaspi bank’пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін біз қаржылық сауаттылықтың деңгейін анықтауға арналған кең ауқымды зерттеуге дайындықты бастадық, - дейді«Халықаралық экономикалық сауаттылық» қоғамдық қорын құрушылардың бірі, жоба жетекшісі Салтанат Жарасова.-Қазіргі кезде жоба жүзеге асырылуда екендігін қуана хабарлаймын және ол республикамыздың барлық аймағынан 1000-нан астам респонденттерді қамтиды. Зерттеу қорытындысы бойынша біз ақпан айының өзінде-ақ қаржылық білім деңгейі және қазақстандықтардың жеке қаражаты мен олардың қаржы өнімі мен қызметтерге  көзқарасы бойынша нақты көріністі көре аламыз. 

Салтанат Жарасованың айтуынша, зерттеумен қатар қор құрамына қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, сарапшылар мен журналистер кіретін Қоғамдық кеңес құрылуда.

Қоғамдық кеңес азаматтардың қаржылық сауаттылығын, қаржы өнімдері мен  арттыруға бағытталған жобаларды таңдап, бағалайтын болады. Қоғамдық кеңес таңдауынан өткен жобалар грант түрінде қаржыландырылады.

- Біз өз тарапымыздан «Қаржы мәдениеті» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1 миллион доллар бөлеміз, - деп мәлімдеді kaspibank’тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. –Бағдарламаның мақсаты адамдарға отбасылық бюджет пен қаржы қызметтерін дұрыс басқаруға көмектесу. Бәріміз білімнің алмайтын қамалы жоқтығын білеміз. «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы қаржылық сауаттылық деңгейін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз басқа банктер де осындай бағдарламаны қолдайды деп сенеміз. Білім мен ақылға салған инвестиция ешқашан аз болмайды және кез-келген мемлекеттің дамуы мен алға ілгерлеуінің басты двигателі.

«Халықаралық экономикалық сауаттылық» қоғамдық қоры нарықтың басқа да қатысушыларына бағдарламаға қосылып, Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуын қолдауға шақырады.


 
0
  0   11